Бүгін, 2025 жылғы 16 маусымда Астана әуежайында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы AstanaNews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында жарияланған фотосуреттерге қарағанда, ұшақ баспалдақтарында құрметті қарауыл ротасы тізілген.
Мәртебелі мейманды қолдарына Қазақстан мен Қытайдың туын ұстаған балалар қарсы алды.
Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды
Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.