«Өрлеу» жаңа бағдарламасы кәсіпкерлерге 750 млрд теңгеге қолдау көрсетеді

Оның хабарлауынша, бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6%-дан аспайды. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін; айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін беріледі. Бағдарлама аясында қайта қаржыландыру көзделген. Бірақ ол 2025 1 қаңтарынан бастап берілген несиелерге ғана қарастырылған. Несиелеудің басым салалары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.
«Микро және шағын бизнес үшін біз кредиттік мөлшерлемені субсидиялау келесі шартпен беріледі: кредит бойынша ең жоғары мөлшерлемесі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне қосылған 4%, жалпы сыйақы мөлшерлемесі 20,5% болады. Оның 40%-ы «Даму» арқылы субсидияланады. Бұл ретте несие кәсіпкерге 12,3% көлемінде болады. Ең жоғары сомасы 200 млн теңгеден аспайды. Басым салалар да қарастырылған. Бұл: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру және денсаулық сақтау. Алғашқы 5 айда біз субсидиялау арқылы 2170 жобаға қолдау көрсеттік. Оның жалпы кредиттік портфелі 279,6 млрд теңгені құрады», – деді спикер.
2010-2023 жылдары субсидиялау арқылы 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінсе, ол 6,5 млрд теңге салық ретінде бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар 141 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Қолдау тапқан кәсіпорындар 2010-2024 жылдары 129,8 трлн теңге сомасына, оның ішінде 2024 жылы 25,4 трлн теңгеге өнім өндірді. Салық түсімдерінің сомасы – 9 трлн теңгені құрады, оның ішінде 2024 жылы – 1,7 трлн теңге түсті.