Басты жаңалықтарЭкономика
Енді ерікті зейнетақы жинағын алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен хабарлады, деп жазады Astananews.kz.
«Зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр», – деп жазылған агенттік хабарламасында.
2025 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті.
Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты. Оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары көлемі 8,19 млрд теңгені құрайды.
Соңғы өзгеріс бойынша, енді зейнетақы қорындағы артық ақшаны баланың еміне жұмсауға болады.