Басты жаңалықтарҚоғамСпорт

Отбасы күніне орай елордалық спортшылар ерекше челлендж бастады

15 мамырда Қазақстанда Халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай елордалық спортшылар әлеуметтік желіде отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл челленджге астаналық спортшылар кеңінен қатысып жатыр. Олардың қатарында каратэден Азия чемпионы, қара белбеу иегері Венера Жақсыбаева, жас шорт-трекшілер, велоспортшылар және басқалар бар.

Спортшылардан бөлек, челленджге №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің көркем гимнастика бөлімінің жаттықтырушысы Аида Кудина, сондай-ақ «Арғымақ» кешенінің реабилитолог-дәрігері, тәжірибелі иппотерапевт Айгүл Хасенова да қосылды. Олар отбасылық құндылықтар жайлы ойларымен бөлісті.

Мұндай бастамалар қоғам үшін маңызды, өйткені олар отбасының ұрпақ тәрбиесінде және дамуына ықпал етуде үлкен рөл атқаратынын еске салады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button