Басты жаңалықтарСпорт

Сағынғали Жантөре таеквондодан әлем чемпионы атанды

Таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі Алматыда өтеді. Бұл шешім Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен әлемдік кеңестің отырысында қабылданды. Енді алдағы жылы Алматыда әлемнің үздік таэквондошыларының басы қосылады. Байрақты бәсекеде 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынады, деп жазады 24.kz.

Сағынғали Жантөре таеквондодан әлем чемпионы атанды

Таеквондодан Фуджейрада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 65 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Сағынғали Жантөре чемпион атанды. Финалда ол украиналық спортшы Максим Шудженконы сан соқтырды. Одан бөлек, қазақстандық тағы екі таеквондашы қола медальға ие болды. Жасөспірім қыздардан 47 келіде сынға түскен Алла Цой мен 51 келіде өнер көрсеткен Аида Гожалимова әлем біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер осы чемпионатта топ жарған болатын. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.

«Ақтөбе» бес турда 36 гол соқты

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші туры мәресіне жетті. Биылғы біріншілікті «Ақтөбе» командасы сәтті өткізіп келеді. Бес турда төрт мәрте жеңіске жетіп, бір кездесуде тең нәтижеге қанағат білдірді. Қарсыластар қақпасына 36 гол соғып, өз қақпасына небәрі 2 гол жіберіп алды. Бесінші турда олар сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытауды» 9:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ көш басында келе жатқан шымкенттік БИИК командасы да дәл сондай есеппен семейлік «Елімайды» жеңді. Ал түркістандық «Тұран-Томирис» сырт алаңда қызылордалық «Қайсардан» 1:0 есебімен басым түсті. Енді алдағы тур ойындары 19 мамыр күні өткізіледі.

Теннистен ӘЧ: қыздарымыз келесі кезеңге шықты

Қазақ қыздары Филиппиннен басым түсті. Шымкентте теннистен 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр. Мұнда 16 команда финалдық кезеңге берілетін жолдаманы сарапқа салып жатыр. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы D тобына Қытай, Таиланд, Филиппин командаларымен бірге түсті. Жарыстың алғашқы күні Ярослава Шведованың шәкірттері филиппиндіктерді 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Алдымен Еркежан Жаңатаева Джейденге еш мүмкіндік қалдырмады. Оның бастамасын Ева Корышева жалғап, Диазды 6:0, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Жұптық сында да бұрымдылар қарсыластарын оңай жеңді. Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайда үш ұпайдан бар. Енді жерлестеріміз ертең Таиландпен кортқа шығады.

А. Вавалис «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті

Акис Вавалис «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. «Келісімшарт бас бапкердің бастамасымен отбасылық жағдайға және отанына қайту қажеттілігіне байланысты бұзылды. Біз Акиске командада атқарған жұмысы, Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалғаны үшін, Лига Кубогының финалына шыққаны үшін алғыс айтамыз. Оған алдағы мансабына сәттілік тілейміз», – деп жазылған хабарламада. «Жеңіс» биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде бес ұпаймен оныншы орында. Акис Вавалис елордалық команда тізгінін 2024 жылдың мамыр айында ұстаған болатын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button