Басты жаңалықтарҚоғам

Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. Маусым айының отызына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18-27 жасқа дейінгі 20 мыңнан астам ер азамат толықтыратын болады. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Ол өз баяндамасында мерзімді әскери қызметтің маңызы жайында сөз қозғады.

«Біріншіден, әскер – елімізді сыртқы жаудан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі күш. Мемлекет қауіпсіздігі ұдайы әзірлікті қажет етеді ал мерзімді әскери қызмет ер азаматтарды даярлайды. Екіншіден, ер азаматтар әскерде болған кезде  тәртіпті,  жауаптылықты сезінеді,  қол бастау мен топта жұмыс істеуді үйренеді. Ол  тек әскерде ғана емес өмірде  де қажет болады. Үшіншіден, мерзімді әскери қызмет өткеру — ол азаматтық жауаптылық, патриотизм,өз елін қорғауға әзір болу актісі және ұлт тұтастығы мен қоғам үйлесімін қалыптастыратын маңызды тірек болып табылады. Бір сөзбен айтқанда мерзімді әскери қызмет — ол тек міндет қана емес,  қауіпсіздіктің маңызды құрамы, ол – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деді спикер.

Биылғы әскерге шақыру компаниясы әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелерінде бірқатар шара қабылдаумен, есепке алу-шақыру жұмысын цифрландырумен, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметін оңтайландырумен ерекшеленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button