Басты жаңалықтарҚоғам

Астанадағы бес сауда орнында насыбай мен снюс заңсыз сатылған

Елорданың Алматы ауданында насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау және жолын кесу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аудан әкімдігі мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері рейдке шықты. Олар аудандағы сауда орындарын тексерді. Тексерумен қатар олар шегілмейтін темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған профилактикалық тәрбие жұмыстарын жүргізді.

«Заң және тәртіп» іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған өнімдерді сатуға жол бермеуге бағытталған кезекті рейд өткіздік. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады», – деді Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.

Тексеру нәтижесінде бес сауда орнында тыйым салынған өнімдердің сатылғаны анықталды. 250 бума насыбай мен снюс тәркіленді. Дүкен иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мұндай алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button