Қаңғырған иттер қаптады: Өскеменде бір аптада 11 адамды ит қапты

Өскемен тұрғындары көшеде иесіз иттердің қара құрттай қаптап кеткенін айтып, дабыл қағып жатыр. Бір аптада 11 адамды ит қапқан.
«Ақбота» балабақшасы Өскемендегі Жібек маталар комбинаты ықшамауданында орын тепкен. Баласы сонда баратын ата-ана күн сайын балабақша алдында қаңғырған иттердің қаптап жүретінін жеткізді.
— Баламды қолға алып, жаяу қайтқанда қорқамын. Ертең ашыққан ит талап тастаса кім жауап береді?! Тек балабақшада емес, жалпы біздің ықшамауданда бұралқы иттер толып кетті. Өзім Қазыбек би даңғылындағы сұлулық салонында жұмыс істеймін. Ғимараттың артқы жағында да иттер шұбырып жүр, — дейді Айжан есімді қала тұрғыны.
Бұдан бөлек, Защита, Ахмер шағын аудандары, Шығыс ауылы мен Лесхоз, Красин, Меновное кенттерінің халқы да иттердің шектен тыс көбейіп келе жатқанын айтуда.
Әлеуметтік желіде де жыл басынан бері иттердің адамға тап беріп жатқаны көрінген видеолар тарап жатыр.
Bu gönderiyi Instagram’da gör