Басты жаңалықтарМәдениет
«Астана – өте таза қала»: Елордада жас әнші Садраддиннің концерті өтті
Жастардың арасында кеңінен танымал әнші Садраддин Болат қазақ эстрадасында өзіндік орнын алып үлгерді, деп жазады AstanaNews.kz.
18 жасында жарқ етіп шыққан музыканттың репертуары лирикаға толы әндермен ерекшеленеді. Әндердің авторы да – өзі. Оның бірнеше тректері хитке айналып үлгерді.
«Ыстық көңілдеріңізге рақмет, Астана! Елорда бізді келген сайын қуантады. Өте таза қала. Астана суық болса да, бізге жылы қала», – деді әнші Садраддин Болат.