Басты жаңалықтарҚоғам

2 қарашада Астанада Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады

2 қарашадан бастап Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан “Koktal” СОО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Келушілер Қазақстанның бірқатар өңіріндегі жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдерді сатып ала алады. Соның ішінде: жаңа піскен көкеністер мен жемістер, сапалы ет, ұн өнімдері және басқа да көптеген ауылшаруашылық өнімдері.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін 2 қарашадан бастап өтеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button